» » Асхана айдары. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы

 
 
 

Асхана айдары. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы

Автор: admin от 28-02-2020, 23:55, посмотрело: 268

0 "№44 «Жаңа дала» жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бұйрық № 7

«Жаңа дала» елді мекені 09 .01. 2020 жыл.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мектепте тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төмендегі құрамда бекітілсін:
1) Тушегенова Лаззат Намияловна – мектеп директоры, комиссия төрайымы
2) Қалданбекова Айнұр Әбсаламовна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі;
3) Ділдәбеков Марат Шабланұлы – қамқоршылық кеңес төрағасы (мүшесі), комиссия мүшесі (келісім бойынша);
4) Ештаев Сәкен Әмзеұлы – ата-аналар комитетінің төрағасы (мүшесі), комиссия мүшесі (келісім бойынша);
5) Мылтықбаева Айжамал Турсыновна – мектептегі медициналық пунктінің медбикесі, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
6) Ходжанов Сергазы Ходжаахметович – әлеуметтік педагог, комиссия хатшысы.
2. Мектептегі білім алушылардың тамақтандыруды ұйымдастыруда комиссия төрағасы мен мүшелері:
1) Тамақтандыруды ұйымдастыруда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 144-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 7-тарауына сәйкес жүзеге асырылуын қадағаласын;
2) Асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын сақталуын ұйымдастырсын;
3) Мектеп сайтында "Мектептік тамақтану" айдарын құруды және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) Бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге ас мәзірін бекітілуін және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырылуын қамтамасыз етсін;
5) Ай сайын қызметті жеткізушінің тамақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарының, тамақ өнімдерінің тізбесінің жинақталуына бақылау жасасын;
6) Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізсін;
7) Комиссия жұмысын тоқсан сайын қорытындылау, мектептің педагогикалық кеңесінде қарау және мектеп сайтына мерзімінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
6.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


Мектеп директоры Л. Тушегенова

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.